Хабар 24
LIVELIVE

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

  • 186
Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып өтеді, кей жерлерде қатты, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Республиканың оңтүстік бөлігінде найзағай күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 және одан аса м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, күндіз көктайғақ, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейуі күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейуі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысаның  түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 23-28м/с күшейуі күтіледі, кей жерлерінде н, түнде Қостанай,  Қарағанды облыстарының кей  жерлерінде тұман, көктайғақ,  жаяу бұрқасын,  желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі, таңертең және күндіз найзағай болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысының кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейуі күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақпарат көзі: emer.gov.kz

back to top