Хабар 24
LIVELIVE

Алдағы 3 тәулікте ауа райы құбылмалы болады

  • 249
Алдағы 3 тәулікте ауа райы құбылмалы болады

Көктемнің бірінші айы жаңбыр және қармен аяқталмақшы.

Циклондар мен антициклондар Қазақстан аумағы арқылы қатты жылдамдықпен жылжиды. Осыған байланысты елімізде жаңбыр мен қар жиілеп, құбылмалы күн райы сақталады.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік бөлігінде найзағай, жаңбыр, солтүстігінде қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы бұрынғыша климаттық нормадан жоғары, тек солтүстік аудандарда температура 2-3°С нормадан төмен болады.

back to top