Хабар 24
LIVELIVE

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

  • 100
Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады Politeka

Солтүстік аймақтарда аздап ауа температурасы төмендейді.

Ал Алматыда күн жылы, жауын-шашынсыз болады. Алатау етегіндегі қалада үш күн бойы жылы ауа райы сақталып, температура +20+23 градусқа дейін көтеріледі. Астанада үш тәулікте екпінді жел соғып, сәуірдің 13-14-інде аздаған жаңбыр себелеуі мүмкін.

Лаура Сайлаубаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Республикамыздан өтіп жатқан суық атмосфералық фронттарға байланысты жауын-шашын жауады. Ал фронттардың артынан антициклон кіріп жатыр. Сондықтан республикамыздың солтүстік аймақтарында аздап ауа температурасы төмендейді. Ал Қазақстанның оңтүстік, шығыс аймақтарына Орта Азиядан жылы ауа массалары кіріп жатыр. Сондықтан сәуірдің 13-14-і бұл аймақтарда ауа температурасы біршама жоғарылайды. Оңтүстікте кей жерлерде 20+25 градус жылыға дейін. Ал шығыс аймақтарда ауа температурасы – +13+18, кей жерлерде 21 градусқа дейін жоғарылайды.

back to top