Хабар 24
LIVELIVE

Алматы марафонының өтуіне байланысты қаланың кейбір жолдары жабылады

  • 55
Алматы марафонының өтуіне байланысты қаланың кейбір жолдары жабылады Cars.kg

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын Алматы марафонының ұйымдастырушы комитеті, спорттық шара өтетін күні қаланың кейбір жолдарының жабылуы жайлы мәлімдейді.

22 сәуір күні сағат таңғы 5.00-ден түскі 14.30 дейін Алматы марафоны өтетін көшелер жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылады.

Сатпаев көшесі – Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін 21 сәуір күні 12.00-ден 22 сәуірге дейін сағат 17.00 жабық болады.

Назарбаев даңғылы бойынша Сатпаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін сағат 05:00-ден 12:00-ге дейін жол қозғалысы толығымен жабық болады.

Әл-Фараби даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Сайын көшесіне дейін сағат 05:00-ден 13:00-ке дейін жол қозғалысы жабық болады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Сайын көшесі бойынша Әл-Фараби даңғылынан Абайға дейін жол қозғалысы 05:00ден 13:30 жабылады. (Жолдың батыс жағы автотранспорт қозғалысына ашық болады).

Абай даңғылы Сайын көшесінен Байтүрсынов көшесіне дейін (Жолдың солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады), Сатпаев көшесі Байтұрсыновтан Желтоқсанға дейін, Байтұрсынов көшесі Абайдан Сатпаевқа дейін сағат 05:00-ден 14:00-ге дейін жабылады .

Шашкин көшесі Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін, Тимирязев көшесі Шашкин көшесінен Әуезовқа дейін, Сатпаев көшесі Әуезов көшесінен Байтұрсыновқа дейін, Манас көшесі Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейін сағат 05:00-ден 10:30 аралығында жабылады.

Батыс Желтоқсан көшесі Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін, Желтоқсан қөшесі Тимирязев көшесінен Сатпаевқа дейін, Тимирязев көшесі Батыс Желтоқсаннан Желтоқсан көшесіне дейін 06:00-ден 8.30 аралығында жол қозғалысы жабылады.

Көрсетілген бағыт пен уақыт қатысушыларға тиімді етіліп жасалған.

back to top