Хабар 24
LIVELIVE

Еліміздің басым бөлігінде күн ысиды

  • 154
Еліміздің басым бөлігінде күн ысиды

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болады.

Сондықтан ауа температурасы төмендемейді. Қайта ыси түседі. Республиканың кей өңірлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Ал оңтүстік аймақтарда сынап бағанасы күндіз – 38-40, шөлді аумақтарда 45 градусқа дейін жоғарылайды. Елордада қалыпты температура сақталады.

Айдана Абықан, «Қазгидромет» РМК инженер синоптигі.

- Астана қаласы бойынша 19-20 шілдеде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнгі ауа температурасы – 15-17, күндіз 30-32 градусты құрайды. Ал, 21-ші шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Және желдің күші секундына 15 метрге дейін жетуі ықтимал. Түнгі ауа температурасы – 15-17, күндіз 28-30 градус жылы болады. Алматы қаласы бойынша алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде – 18-20, күндіз 32-34 градус жылы болады.

back to top