Хабар 24
LIVELIVE

«Нұр Отан» партиясы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында арнайы кеңес отырысын өткізді

  • 122
«Нұр Отан» партиясы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында арнайы кеңес отырысын өткізді

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Астана қаласындағы филиалы жергілікті кәсіпкерлікті қолдау мақсатында арнайы кеңес отырысын өткізді.

Мәжіліс депутаты Павел Казанцевтің төрағалығымен өткен жиында стартап жобалардың аяқ алысына серпін беру жайы сөз болды. Осыған байланысты кеңес мүшелері бизнесті қолдау мекемелеріне мониторинг жүргізіп, қызмет көрсету жүйесінің кем-кетігін жөндеуді ұсынып отыр. Атап айтсақ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының консультациялық қызметін жетілдіру, «Даму» қорының ресми сайтын қосымша ақпаратпен толықтыру және «Астана Хаб» мекемесінің тұтынушылармен байланыс жұмыстарын дамыту тапсырмасы қойылып отыр.

Бақдәулет Жанділдаев, қалалық кәсіпкерлікті қолдау кеңесінің мүшесі:

- Стартап жобаларды қолдау мақсатында осындай «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына, «Даму» кәсіпкерлерлі қолдау қорына және «Астана Хаб» мекемелеріне арнайы ұсыныстар берілетін болады.

Павел Казанцев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Кәсіпкерлікті қолдау қорлары мен ұйымдардың жұмысын сырттай тексеру барысында бірқатар олқылық анықталды. Біріншіден, біздің өтінішімізді дұрыс қарамай, азаматтармен кері байланыс жасалмады. Ертең немесе бірсүгіні келіңіз, сізге хабарын береміз деп қоңырау шалмайтын қызметкерлер де кездесті. Екіншіден, стартап жобаға қатысты біржақты пікір қалыптасқаны байқалып тұрды. Өйткені стартап жобаны тек жастар ғана емес, егде жастағы адамдар да бастай алады. Екінші деңгейлі банктерге тәуекелі жоғары инновациялық жобаны бағалау қиынға соқты. Бастауыш бизнес пен жас кәсіпкер деген ұғымдарды жиі шатастырып жатады.

back to top