Хабар 24
LIVELIVE

Петропавлда «Қызылжар» коммуналдық базары өртенді

  • 137
  • Media
Петропавлда «Қызылжар» коммуналдық базары өртенді

Петропавл қаласында «Қызылжар» коммуналдық базары өртенді.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өрт 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Таңғы сағат 10 кезінде басталған қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамның 45 жауынгері мен 14 арнайы техникасы жұмылдырылды. Екі сағаттан астам уақыт өтсе де, тілсіз жауды ауыздықтау шаралары жалғасып жатыр. Осыған байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынның неден шыққаны әзірге белгісіз. Келтірілген шығын көлемі алдағы уақытта анықталатын болады.

Рамиль Камалов, облыстық ТЖД бастығы:

– Қазіргі таңда жағдай жіті бақылауда. Түтіннің кесірінен жұмыс істеу қиынға соқты. Бұрын аталған сауда орнында өрт қауіпсіздігіне қатысты қателіктер анықталып, ескерту жасалған болатын. Жалпы оқиға орнынан 90-нан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

back to top