Қазақстан аумағында Junior Eurovision Song Contest сайысы «Хабар» телеарнасында трансляцияланады.
«Қазақстанның қатысуына қатысты келіссөздер ұзақ уақыт жүргізілді. Біздің сайысқа төрт жыл қатарынан қатысып келе жатқанымызға және EBU-дың қауымдастырылған мүшесі болып тағайындалғанымызға қарамастан, әр кезде өзіміздің техникалық жабдықталу, телевизиялық қамтылу және осындай ауқымды халықаралық іс-шараларды трансляциялау тәжірибесі бойынша белгілі бір талаптарға сәйкес келетіндігімізді растауымыз қажет. Еліміздің танымал конкурсқа өз қатысушысын ұсынуға тағы да мүмкіндігі бар екеніне қуаныштымыз. Барша қазақстандықтарды белсенді болуға және ортақ жеңіске жету үшін өз үлестерін қосуға шақырамыз», – деді «Хабар» Агенттігінің басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожин.
Биылғы 19-шы Junior Eurovision Song Contest балалар ән байқауына 19 ел қатысады. Олар: Албания, Армения, Әзербайжан, Болгария, Франция, Грузия, Германия, Ирландия, Италия, Қазақстан, Мальта, Нидерланд, Солтүстік Македония, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Испания және Украина.
Аталмыш байқауға Қазақстанның осымен төртінші мәрте қатысуы «Хабар» Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр.
Қазақстан сайысқа алғашқы рет 2018 жылы қатысты. Ол кезде байқауға Данэлия Тулешова «Өзіңе сен» әнімен қатысып, алтыншы орынға ие болды. 2019 жылы Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнімен екінші орын алды (қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орын).
Үшінші кезең – jevision.khabar.kz сайтындағы онлайн дауыс беру сатысы. Бұл кезеңде қазақстандықтардың әрқайсысы өзіне ұнаған қатысушыға дауыстарын бере алады. Онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Ұлттық іріктеудің 12 финалисі анықталатын болады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz