RU
Толық нұсқаға өту

Қар барысы көбейіп келеді

22.02.2025, 16:10 6

Елде Қызыл кітапқа енген қар барысы көбейіп келеді, деп хабарлайды 24KZ. Ғалымдар: «Кербез аңның саны 180-ге жуықтады», – деп отыр.

Өсімі 1980 жылдардағы көрсеткішке жақындаған. Ол кезде 200 шақтысы мекендепті. Содан кейінгі кездері қатары кеміп жойылып кету қаупі төнген. Қабылданған шаралар нәтижесінде сирек кездесетін жыртқыштар «Іле Алатауы», «Жоңғар Алатауы» және «Алтын-Емел» ұлттық паркіндегі фото-тұзақтарға жиі түсе бастады. «Алтын-Емел» аумағының өзінде ғана 20-дан астамы тізімге алынды. Цифрлы технологиялар арқылы ілбістердің мекені анықталып зерттеліп жатыр.

Алексей Грачев, зоология институтының зертхана меңгерушісі:

- Елімізде ұлттық табиғи парктер мен қорықтардың көптеп құрылуы барыстың көбеюіне оң әсер етті.  Іле және Жоңғар Алатауының қақ ортасы ретінде «Алтын-Емел» паркі – бұл жыртқыштың өсіп-өнуіне және қорегін табуына қолайлы мекен. Қазір бұл жерде ілбістердің тұрақты бір тобы қалыптасып келеді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz