Қызылорда облысында бес мың гектар күріш алқабында суармалы су үнемделді. Жалпы бұл көрсеткіш 60 мың гектарға жетті. Бұл «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында іске асты.
Қазір су арналарына есептеу құрылғылары орнатылып, атыздар лазерлік технологиямен тегістеліп жатыр. Су шаруашылығы нысандарында каналдарды автоматтандыру да қолға алынды. Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау мәселесі политехникалық жоғары колледж студенттеріне жан-жақты айтылды.
Елдос Қабылұлы, "Қазсушар" РМК филиалының бөлім басшысы:
- Қазіргі таңда суды үнемдеу өте күрделі мәселе болып отыр. Атап айтатын болсақ, биылғы жылы облыста су тапшылығы болды. Оның алдын алу мақсатында шаралар қабылданды. Суды үнемдеп пайдалану, қашыртқы суын қайта пайдалану, каналдарды кезекке қою сияқты іс-шаралар атқарылып, облыста еккен егістің 98 пайызын аман алып қалу мүмкін болды.
Тегтер #Таза Қазақстан #Қызылорда облысы #су тапшылығы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz