Аулаларымыз бен көшелеріміздегі, саябақтар мен қорықтардағы, өзен-көлдердегі тазалық пен тәртіптің сақталуы барша азаматқа тікелей байланысты. Біз қоғам ретінде айналамыздағы тазалықтың қадірін біліп, басқа адамдардың еңбегін құрметтеуді үйренуіміз керек. Көшенің таза болуы қалыпты жағдай сияқты көрінуі мүмкін. Алайда бұл – дамылсыз еңбектің нәтижесі. Жол жиегін жинайтын, ауланы сыпырып, қоқысты сыртқы шығаратын мамандар күні бойы тыным таппайды. Таңмен таласып тұрып, ымырт жабылып, кеш қарайғанша сыртта жүреді. Айналамызға ұқыпты қарау, әрине – бәрімізге сын. Әрі мұнтаздай тазалыққа жауапты мамандардың еңбегіне деген құрмет.
Тегтер #хабар24 #Адал еңбек #тазалық #қоқыс #жұмысшы #қызмет #сала #маманPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz