Таң атпастан олардың көбі жұмыста жүреді. Себебі кезекшілікке шығады. Полиция болу үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұдан бөлек тәуекелге толы кәсіп. Кез келген уақытта қызметкердің өміріне қауіп төнуі мүмкін. Соған қарамастан тәртіп сақшылары өз міндетіне адал. Тұрғындардың қорғаны болып жүрген олардың да еңбегі сырт көзге бірден көріне де бермейді. Алайда полицейлердің қырағылығы мен біліктілігінің арқасында айналамыз аман, ұйқымыз тыныш.
Тегтер #хабар24 #Адал еңбек #полиция #қызмет #маман #қауіпсіздік #ТәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz