«Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС 2011 жылы құрылған. Серіктестік Қазақстан мен Түркияның бірлескен жобасы.
«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының 7 гектардан астам аумағын алып жатқан зауытта электронды-оптикалық құрылғылар, инфрақызыл линзалар және басқа да әскери техникалар өндіріледі.
Зауыттың құрылымы 3 бөлімнен тұрады. Алдымен мамандар бөлшектерді құрастырып, өнім дайындайды. Одан ол лабораториялық бөлімге жөнелтіліп, ары қарай түрлі сынақтардан өткізіледі. Мұндағы шығарылған техника даладағы кез келген төтенше әрі оқыс жағдайға шыдауы тиіс. Олар еліміздің қорғаныс саласынан бөлек Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан мен шекара қызметінде де кең қолданысқа ие.
Биыл кәсіпорын KADEX халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне үшінші рет қатысқалы отыр. Отандық өндіріс орны жайлы толығырақ бағдарламада таныстырамыз.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz