RU
Толық нұсқаға өту

Ақылды қала. Билетсізге – айыппұл

08.04.2016, 14:26 3041

Бүгінде қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын жолаушылардың 40 пайызы төлемейтін көрінеді.

Ол сол саладағы мамандардың арнайы жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған. Бұған кім кінәлі? Жолаушылар ма, әлде билет беретін кондукторлар ма? Оны Көліктік бақылау қызметінің инспекторлары анықтайды.

2015 жылы ашылған бұл қызмет түрі бүгінде қоғамдық көліктердегі тәртіпті реттеп отырады. Таңғы 04:00-ден түнгі 00:00-ге дейін қаладағы автобустарды тексеретін олар жолаушыларға жайлы жағдай жасауға өз үлестерін қосып отыр. Статистикаға сүйенсек,  қызмет іске қосылғалы 537 заң бұзушылық тіркелген.

Аялдамалардан тоқтамай өткен автобустар, темекі тартып, телефонмен сөйлескен жүргізушілер, билет бермеген кондукторлар мен билетсіз жолаушыларды назарда ұстайтын ұйым жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымда айтамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz