RU
Толық нұсқаға өту

Ақылды қала. «Shymkent city» жобасы

22.04.2016, 14:26 6177

Шымкент қаласы болашақта «Smart city» мәртебесін иеленбек.

Бүгінде қаланың 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы жасалған. Басты мақсат қала тұрғындары мен қонақтарына мейлінше жайлы жағдай жасау. Қазіргі таңда жергілікті полиция жұмысын жүйелендіру мен білім саласында жаңалықтар енгізу бойынша біршама смарт жүйелер жүзеге асырылды.

«Ақылды» қала атанудың алғышарты – қауіпсіздік. Қоғамдық орындарды жіті қадағалау мақсатында биыл қала көшелеріне 400-ден астам камера орнатылмақ. Бұдан бөлек қаланың заманауи карта сызбасы жасалады. Жобаланған бұл жоспар қаладағы ғимараттар жайлы ақпараттар береді. Жер асты құбырлары да осы картаға енгізілмек. Шымкенттің келешекте қандай қалаға айналатынын бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz