Smart city тізімінде 21-орынға жайғасқан Астананың келешегі қандай?
Бүгінде елорда инвестициялар мен халықаралық мәмілелер аренасына айналды. Соның бір айғағы 2014 жылы Астана қаласы әкімдігі мен Франция үкіметі арасында жасалған меморандум. Онда қаланың жер және көлік инфрақұрылымы, экологиялық позитивті ресурстарды басқару салалары және өзге де озық технологияны пайдалануға мүмкіндік беретін жолдары қамтылған. Бұл жоба қаланың тұрақты дамуына үлкен серпін береді дейді мамандар. Қаланың шынайы көріністері арқылы жасалған 3D демонстратор инженеринг, индустрия салаларын және техникалық шешімдер мен технологиялық ұсыныстарды құрайды. Тұрақты даму тұжырымдамасы экологиялық шешімдер, урбандалу мәселелерін, экономикалық тиімділік пен тұрғындардың жайлы тұрмысын ұсынып отыр. Жалпы оған Астананың алты ауданы енген. Ең қызықтысы құрылғыны басқару арқылы өзіңізді болашақ Астанада жүргендей сезінесіз. Барлығын ұстап, өз көзіңізбен көруге мүмкіндік бар.1-2 жылдың аясында іске асырылып жатқан Astainable жобасында француздар бізге не ұсынып отыр? Бас қаланың келешек келбетін бүгінгі шығарылымда таныстырамыз.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz