RU
Толық нұсқаға өту

Әлеует. Отандық шаруалардың несилерін арзандату үшін субсидия бөлінбек

15.09.2014, 17:48 1454

Отандық шаруалардың несиелерін арзандатуға 443,6 млн. теңге көлеміндегі субсидия жұмсалады.

Бұл туралы ҚазАгро хабарлап отыр. «Биыл несие мен лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандатуға үміт білдірген 489 борышкердің өтінімі мақұлданды. Жалпы мұндай көмек «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында екінші рет жүзеге асып отыр. Оған ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін немесе қайта өңдеумен айналысатын азаматтар, оның ішінде шаруа қожалықтары, сонымен бірге ауылшаруашылық өнімдерін сату, тасымалдау, сақтау, дайындау бойынша қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Олар несие алған екінші деңгейлі банктерге және лизингтік компанияларға өтініш беруі тиіс. Бағдарлама шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесі теңгеде жылдық 14%-дан және шетелдік валютада жылдық 10%-дан аспайтын лизинг пен кредиттер субсидияланады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz