RU
Толық нұсқаға өту

Бала саудасы ма? 500 мың теңгелік қуыршақ сатылымға шықты

03.09.2026, 14:25 56

Бір қуыршақтың бағасы - 500 мың теңге. Соңғы күндері онлайн дүкендерде сатылымға шыққан ойыншықтар қоғамның күдігін тудырды. Хабарландырудағы ойыншықтардың ең арзаны - 120 мың теңге. Ал қымбаты 500 мың теңгеге бағаланған. Тредста талқыға түскен тақырыпқа жазылған пікірлер жаға ұстарлық. Кейбір желі қолданушыларының айтуынша, шетелдегі бала саудасы дәл осындай жасырын жарнама арқылы жүреді. Сондықтан онлайн дүкен мен полицейлер жедел тексеріс жұмыстарын жүргізсін деген талабын жаңбырша жаудырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz