1991 жылы Тоқтар Әубәкіров ғарышты бағындырғанда бөрігін аспанға атып, қуанбаған адам кемде-кем. Артынша Талғат Мұсабаев бір емес үш мәрте зерттеу жүргізіп, ұлттың рухын асқақтатты. Қазақта Жүрегінде түгі бар батырлардың бәрін дәлелдеген Айдын Айымбетовтің де ғарышқа ұшқанына 10 жылдан асты. Бірақ ғарыш саласына жауаптылар төртінші ғарышкер туралы талайдан толайым дүние айтпай келеді. Сонда бізде Тоқтар мен Талғаттың ерлігін қайталайтын қаһармандар жоқ па? Әлде әу баста Айдын Айымбетовтың бағын байлаған қаражат мәселесі бұл жолы да қолбайлау ма?
Тегтер #хабар24 #арнайы жоба #ғарыш #Ресей #Байқоңыр #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz