Кейіпкеріміз Хамзат Нығметовтың таңы тәубе деумен атады. Өйткені жасанды бүйрек аппаратынсыз жарық дүниені елестете алмайды. Жас жігіт 14 жыл бұрын жол апатынан мерттіккен. Содан бері осы құрылғыға тәуелді. Дәрігерлер бүйректің созылмалы ауруы деген диагноз қойған. Бұл – аты жаман сырқаттың ең соңғы сатысы. Хамзаттың дертінің дауасы жоқ. Аурудан айығудың жалғыз жолы бүйрегін ауыстыру. Еңбекке жарамсыз. Жағдайы жақындарының да жанына батады. Хамзаттың халі мүшкіл болғандықтан бауырлары ол үшін өз бүйрегін беруге дайын болған.
Тегтер #хабар24 #арнайы жоба #трансплантация #ағза #медицина #операция #донорPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz