Өскеменде іске қосылған «ALTAI MAI» толық циклді зауыты Қазақстанның май өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадамға айналды.
Тәулігіне 500 тоннаға дейін күнбағыс тұқымын өңдей алатын кәсіпорын жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге мүмкіндік беріп отыр. «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қолдауымен жүзеге асқан бұл бастама аграрлық сектордың әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарының құрылуына жол ашты.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #жарнама #Өскемен #өнеркәсіп #Жұмысшы мамандықтар жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz