Өткен ғасырдың ортасында Голландияда ірі табиғи газ орындары табылып, газды көрші елдерге сату кеңінен жолға қойылды. Бұл шетелдік валютаның елге құйылып, голланд ақшасының өзге валюталарға қарағанда нығаюына әсер етті. Бірақ таяқтың екінші ұшы да бар еді. Тұрғындардың төлем қабілеттілігінің өсуі - тауарлар мен қызмет көрсетуге деген сұранысты бұрынғымен салыстырғанда аса көп мөлшерге арттырды. Басқаша айтқанда, голландықтар жеңіл ақшаның буына мастана бастады. Өз кезегінде бұл импорттық тауарларға деген сұраныстың артуы мен инфляцияның өсуіне әкеліп соқты. Тарихта бұл оқиға «Голланд ауруы» деген атпен қалды. Бұдан сабақ алған қара алтынға бай елдер бірден қамдануға көшті сол кезде.
Тегтер #Ұлттық қор #қаражат #доллар #газ #валюта #арнайы жобаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz