Жанталас. Қапыда қорғансыз қалған жануар өмір үшін арпалысуда. Браконьерлер тіршілік иесін аяусыз азаптаған интернеттегі видеолар барша жұрттың жағасын ұстатты.
Соңғы уақытта қоғамда жануарларды қызық үшін өлтіретіндер жыл санап артып барады. Бұған не дейміз? Бүгінде браконьерлер мен табиғат жанашырлары арасындағы тартыс азаяр емес. Ежелден сары далада үйір-үйірімен өріп жүрген киелі киік елімізде неге азайып кетті? Атылған киіктерді шекара асырушылар кімдер? Аурудан аман шыққан ақбөкендерді аяусыз атып, табиғатқа өлшеусіз зардап әкеліп жатқан браконьерлердің заңсыз саяты қашан тоқтамақ? Көк бөрінің ұрпағымыз деп мақтанып, қасқырларды аяусыз азаптағандар кімдер? Қоршаған орта мен табиғи ресурстар жайында қандай жаңа заң қабылданбақ? Осы және өзге де өзекті мәселелерді толығырақ арна тілшісі Елдос Сапарғалидың репортажынан көре аласыздар.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz