Биыл тәжік-ауған шекарасындағы Пшихавр шатқалында болған ұрысқа 21 жыл.
1995 жылы болған қанды оқиға 17 қазақстандық жауынгердің өмірін қиды. 30-дан астамы жараланды.
Сол кездегі Ішкі әскерге қарасты қазақстандық батальон Тәжікстандағы бітімгершілік күштерінің құрамында болды. Елдегі жағдай күрделі еді. Әсіресе есірткі тасымалы өршіп тұрды. Оның трафигі қылмыстық топтың бақылауында болды. Қару асынып, заманауи байланыс жүйесімен қамтылған олар әскери коллона қозғалысынан да үнемі хабардар болды.
1995 жылдың 7 сәуірінде орын ауыстыруы тиіс жеке құрам осындай топқа қарсы тұруға тура келді. Кескілескен ұрысқа қосымша күш тек 5 сағаттан соң жеткен. Қанды қырғыннан аман қалған взвод командирі Қайратбек Сатбаев бұл жайлы не дейді?
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz