RU
Толық нұсқаға өту

Әскерилердің жалақысы 3 есе өседі: Жаңа заң жобасы әзірленді

11.06.2026, 12:02 24

Қазақстанда төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, антитеррорлық операцияларға қатысқан және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге тартылған әскери қызметшілерге үш еселенген мөлшерде жалақы төленеді. Парламент Сенатының депутаттары тиісті заң түзетулерін қарады, деп хабарлайды «24KZ».

 

Сенаторлар «Әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын, қорғаныс және әскери қызмет мәселелерін жетілдіру бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

 Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукиннің атап өтуінше, құжат «Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» және «Бітімгершілік қызметі туралы» заңдарға түзетулер енгізуді көздейді.

 

Әскери өкілдердің мәртебесі дипломаттармен теңестіріледі

Заң жобасындағы маңызды жаңалықтардың бірі — шетелдегі әскери өкіл аппаратының құқықтық мәртебесін заңнамалық тұрғыда бекіту. Енді оларды қаржыландыру тәртібі нақтыланып, мұндай аппараттарда қызмет ететін әскерилердің лауазымдары дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің лауазымдарына теңестіріледі.

Сонымен қатар, енгізілген өзгерістердің басым бөлігі әскери қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қорғауды күшейтуге бағытталған.

 

Бұдан бөлек, қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылуына немесе бұлтартпау шарасының қолданылуына байланысты әскери лауазымдарды атқармайтын, командирдің  қарамағында тұрған әскери қызметшілерге ең төменгі жалақы мөлшерінде төлемақы төлеу көзделген.

 

Талқылау қорытындысы бойынша Сенат комитеті заң жобасын мақұлдауды ұсынды. Құжат әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жақсартуға және қорғаныс саласын реттеуге бағытталған.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz