Осымен төртінші ай қатарынан елордадағы екінші деңгейлі пәтерлердің құны төмендеп келеді.
Бұл жайында талдау орталығының мамандары хабарлап отыр. Маусым айында Астанадағы екінші деңгейлі баспана нарығында 1,8 пайызға арзандаған. Осылайша пәтердің бір шаршы метрі орта есеппен 2047 долларды құрап отыр. Ал қымбат үйлер нарығындағы орташа баға шаршы метріне 2511 долларға келіп тоқтады. Бұл - пәтер құнының 1 пайызға төмендегенінің белгісі. Арзан үйлерде арзаншылық айтарлықтай орын алған. Мұндағы пәтерлердің құны 2,6 пайызға арзандап, әрбір шаршы метрі орташа есеппен 1644 долларды құрады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz