Бас прокуратураның Call орталығына жыл басынан бері 35 мың тұрғын хабарласып, арыз-шағымдарын айтқан.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қабылдау және тіркеу орталықтың негізгі міндеттеріне байланысты сұрақтар жиі қойылады. Атап айтқанда, хабарламалар қылмыс, хабар-ошарсыз кеткен адамға іздеу салу туралы, заңсыз алып кету бойынша арыздарды тіркеуден негізсіз бас тартуды білдіретін қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне қатысты болуы мүмкін. Call орталығы арқылы кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу туралы, соның ішінде заңсыз тексерулерге байланысты, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне қарсы шағымдар бойынша хабарласуға болады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz