RU
Толық нұсқаға өту

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Норвегияда үш қабатты су асты мейрамханасы салынуда

30.10.2017, 10:50 1011

- Apple компаниясы өз шоуын түсіруге бекініп отыр. Шоуда дөрекі сөздер айтылмайды. Сондай-ақ  қатыгездік пен әдепсіздікке де жол берілмейді. Оның орнына Apple комедия мен драмаға маңыз беріп отыр, деп жазады Bloomberg агенттігі. 

- Еуропадағы алғашқы су асты мейрамханасы Норвегияда ашылады, деп хабарлайды CNN. Норвегиялық Snohetta сәулет фирмасы су түбінен салынатын мейрамхананың құрылысын көпшілік назарына ұсынды. 5 метр тереңдіктегі бетон конструкция ауа райының қолайсыз кезеңдеріне де төтеп бере алатындай берік. 3 қабаттан тұратын ғимарат 100-ге тарта адамды қабылдайтын болады. 

- Босқын мәртебесін ала алмаған ауғандық балалар енді Ирандағы мектептерге барады, деп хабарлайды Euronews. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz