RU
Толық нұсқаға өту

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Le Figaro басылымы Юрий Гагарин өмірінің қызықты тұстарын баяндады

12.04.2018, 13:20 607

Мәскеудегі космонавтика музейін аралаған француздық «Фигаро» басылымының журналисі Пьер Авриль ғарышкер Юрий Гагариннің өмірінің қызықты тұстарын баяндайды. Жерге ғарыштан көз тіккен алғашқы адамның бюсті музейге апаратын аллеяның бойында орналасқан. Аспанға зымырап бара жатқан зымыран пішініндегі әйгілі ғимарат та осы Гагариннің құрметіне арнап салынған екен. Мұндағы витриналардың бірінде 1961 жылдың 11 көкегінде кешкі сағат 19:35 батырдың жүрегі түсірілген электрокардиограмманың бір бөлігі қойылыпты. Әдетте музейге келушілер бұл бұйымдарды көп қызықтамайды, деп жазады автор. Олар ғарыш көгіне көтерілгесін, 108 минуттан кейін қазақ даласына қонған «Восток» иллюминаторынан көз алмайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz