USB-Ranking әлемдегі ең қымбат қалалар рейтингін түзіпті, деп жазады немістің Spiegel Online газеті. Зерттеу жұмыстары 2018 жылдың қаңтарынан ақпан айына дейін жүргізіліпті. Мамандар 128 тауар мен қызмет түрі мен әлемнің 77 қаласындағы 15 түрлі кәсіп иелерінің табысын өзара салыстырған. Сауалнама жүргізу тәуелсіз байқаушыларға жүктелген. Қалалардың тұрмысын өзара сараптаған мамандар швейцариялық Цюрих дәл былтырғыдай дүние жүзіндегі ең қымбат шаһар деген тоқтамға келіпті.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz