Қытайдың АҚШ-қа құйған инвестициялары 2018 жылдың бес айының ішінде 92% азайып кетті. Қазір бұл сома 1 млрд 800 мың долларды құрайды, деп хабарлайды CNBC. Rhodium консалтингтік компаниясы жасаған баяндамаға сүйенсек, бұл кезең ішінде қытайлық келісімдерден түсер қаржы төмендеп, 7 млрд 800 мың долларға азайған. Трансшекаралық инвестициялар Бейжің мен Дональд Трамп әкімшілігінің қысымын тежеп отыр. Екі жыл бұрын АҚШ-та жасалған қытайлық келісімдер 46 млрд долларды құрап, рекордтық көрсеткішке жеткен еді. Бірақ араға жыл салып, 29 млрд долларға азайды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz