Қытай Иранмен бірге бизнес жүргізбек, деп хабарлайды «Рейтер» агенттігі. ҚХР билігі біржақты санкциялардың қолданылуына қарсы шығатынын мәлімдеп, Ислам республикасымен байланысты тоқтатпайтынын жария етті. Қытайдың сыртқы саясат ведомствосының өкілдері де бұл жағдайда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің ешбір қарары бұзылмайтынын айтады. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп «Иранмен сауда жасайтын елдердің АҚШ-пен саудасын өрістете алмайтынын» мәлімдеген еді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz