Tesla-ның бұрынғы қызметкерлері Apple компаниясына жұмысқа ауысып жатыр. «СиЭнБиСи» журналистерінің кадрлар тұрақсыздығы туралы сауалына Маск бұған дейін менсінбеген сыңайда жауап берген еді. Өзі қызметтен қуғандардың Apple-ді паналағанын айтқан ол Тим Куктың компаниясын «Тесланың моласына» теңеген еді. Дегенмен Линкд Ин деректерінше, бұған дейін Tesla-да жұмыс істеген 46 адамды Apple былтыр жұмысқа қабылдапты. Автопилотты құрастыру ісінің инженерлері мен механикалық дизайн мамандары, сату мен жеткізу ісінің менеджерлерінің жаппай жұмыс ауыстыруына Эппл төлейтін жалақының Тесладан 50% көп екендігі себеп болған екен. Қызметкерлердің бірі компаниялардың таланттар үшін тартысқа түскендерін де жасырмайды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz