WhatsApp мессенджері Үндістаннан тараған жалған ақпаратқа қарсы күресті бастады. «Рейтер» агенттігі бұл елді әдейі таңдап алынғанын хабарлайды. Өйткені, осы сервисті қолданушылардың кейбірі қаңқу сөздің ықпалымен өзіне қол жұмсапты. Журналист Санкалп Фартиял WhatsApp қызметі жалдаған әртістердің қала көшелерінде қисынсыз ақпаратқа қарсы қойылымдарда ойнап жатқанын баяндайды. Осындай қойылымдардың бірі туристер арасында кеңінен танымал Джайпур қаласында өткізіліпті. Әртістер шындыққа жанаспайтын ақпараттың зорлық-зомбылыққа себепші болатынын көше театры мен рэп-батл форматында көпшілік алдында дәлелдемек. Бұл насихат жұмыстары әсіредіншіл провинция тұрғындары үшін өте маңызды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz