Қытайдың автокөлік нарығы шарықтау шегіне жақындады, деп хабарлайды «Эйша Таймс». Былтыр осы елде құрастырылып, сатылған көлік саны 29 миллионға жетті. Сарапшылардың сөзінше, жоғары деңгейдегі мұндай өсім қарқынын ұстап тұру қиынға соғады. Демек, бұл салада өзгерістер болары анық. Бұған дейін 2025 жылға таман Қытайда сатылған көлік саны 35 миллионға жетеді деп күтілген еді. Дегенмен бұл көрсеткіш 30 миллионға қысқаруы мүмкін.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz