Халықаралық энергетикалық агенттік енді он жылдан кейін күллі әлемнің мұнай дағдарысына тап боларын ескертіп отыр, деп жазады «Франкфуртер Рундшау». Ұйымның болжамынша, егер мұнай өнеркәсібі жаңа кен көздерін барлау ісіне инвестиция құймаса, әрі АҚШ фрекинг жолымен мұнайды мол мөлшерде өндірмесе, қара алтын өндірісі айтарлықтай төмендейді. Қаражаттан тарыққан әлемдік мұнай өндірісі 2025 жылға таман екі есеге қысқарады. Қазір тәулігіне 92 миллион баррель өндірілгенімен, жыл сайын бұл көрсеткіш орташа есеппен 6 миллионға азая береді, деп жазады мақала авторы Йоахим Вилле.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz