Қытай нарығына арналған автокөлік құрастырмақ болған «Тесла» Шанхайда алып зауыттың құрылысына кірісті. «СиЭнЭннің» хабарлауынша, суперзауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 500 мың электромобильді құрастыруға жетеді. Бұл іске 5 млрд доллар инвестиция құйылмақ. Илон Масктың айтуынша, жаңа фабрика бағасы арзан Model 3 электр көлігін бір жылдан кейін шығара бастайды. Бүгіннің өзінде қытайлықтардан тапсырыстар түсіп жатыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz