RU
Толық нұсқаға өту

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Мамандар бал араларының есепке бейім екендігін анықтады

03.02.2019, 15:35 687

Жануарлар санау біле ме? Мамандар бал араларының есепке бейім екендігін анықтады. Олар азайту мен қосуды үйренуге қабілетті, деп жазады немістің Spiegel журналы. Бұл үшін Франция мен Австралия ғалымдары мынадай тәжірибе жасапты. Олар 14 бал арасын лабиринтке орналастырады. Ара бұл шытырманнан түстерді ажыратып, есептеу нәтижелері арқылы шығуы тиіс. Шығар ауызда араларға екі немесе үш шаршы көрсетіледі. Сары түсті шаршы шегеруді, ал көк түс қосуды білдіреді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz