Елде баспана кезегінде миллионға жуық адам тұр. Оның 459 мыңы – әлеуметтік осал топқа жатады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Биыл елде 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Қазірдің өзінде сегіз айдың қорытындысы бойынша оның 11,3 млн шаршы метрі ел игілігіне берілді. Сонымен қатар кезекте тұрған азаматтарға баспаналы болудың бірнеше тетігі қарастырылған. Атап айтқанда, жалдамалы пәтер алу, жеңілдетілген ипотека рәсімдеу мүмкіндігі бар. Бастапқы жарнаға тұрғын үй сертификаты беріледі. Ал табысы төмен отбасылардың жалдау ақысының бір бөлігі мемлекет есебінен өтеледі. Ауыл тұрғындары үшін де жаңа мүмкіндік пайда болды. Енді кезекте тұрған азаматтар өз ауданында ұсынылған пәтерлерді онлайн қарап, өзіне қолайлы баспананы таңдай алады. Бұл жүйені қазірдің өзінде 400-ге жуық адам пайдаланған. Жаңа тәртіп бойынша үй бөлу кезінде отбасы құрамы да назарға алынады. Яғни баспананың көлемімен қатар, бөлме саны да отбасы мүшелерінің санына қарай белгіленеді. Айта кетерлігі, енді тұрғын үйге қатысты рәсімдердің барлығы енді бір онлайн платформада жинақталған.
Жансұлтан Матай, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Банк және мамандандырылған жергілікті әкімдіктермен бірге сол Өркен платформасында жеке кабинеттер, мамандандырылған кабинет арқылы тұрғын үйді толық цифрлық форматта қалыптастыру және оларға қол қою функцияларын іске асырып жариялады. Яғни осы уақытқа дейін азаматтар әр жерде әр түрлі әкімдіктерге барып, тұрғын үй комиссияларына барып, жалға алу шарттарына қол қоятын болса, енді оның қажеті болмайды, яғни өзінің жеке кабинеті арқылы тек электрондық форматта қол қояды.
Тегтер #баспана #ОКҚ #брифингPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz