RU
Толық нұсқаға өту

Композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл

12.04.2025, 09:55 512

1 сәуір - қазақ музыкасында өлшеусіз із қалдырған дара тұлға – Нұрғиса Тілендиевтің туған күні. Тура бір ғасыр бұрын өмірге келген ұлы композитордың мерейтойы  халықаралық деңгейде атап өтіледі. 2025 жыл – ТҮРКСОЙ ұйымы аясында Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы болып жарияланды. Айтулы датаға орай Астана мен Алматы қаласында мәдени іс-шаралар өтті. Атақты композитор Нұрғиса Тілендиевтің күй өнеріндегі орны бір төбе. Оның он саусағынан төгілген «Аққу», «Әлқисса», «Ата толғауы», «Махамбет» күйлері тыңдарманның жүрегінен орын алған. Біртуар тұлға күйден бөлек, ән, романс, поэмалардың  авторы. Драмалық қойылымдар мен мультфильмдерге музыка жазды. Нұрғиса Атабайұлының музыкалары талай көркем фильмнің де шырайын келтірді.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz