RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде ұлттық киім үлгілерінің сән көрсетілімі өтті

09.08.2025, 11:00 316

Ақтөбеде ұлттық киім үлгілерінің сән көрсетілімі өтті. Белгілі дизайнер Тәрбие Айдымбаева этно және заманауи киім үлгілерін ұштастырған жаңа топтамасын таныстырды. Облыс орталығында қазақы үлгіде тігілген киімдер дүкені ашылды. Модельердің айтуынша, талғамы жоғары тұтынушылар оюмен өрнектелген кәжекей мен шапан, тақия мен орамалдарды күнделікті киіп жүруді қалайды. Бұл бабалар мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізудің ұтымды тәсілі. Сонымен қатар қазақы киім үлгілерін әлемге танытудың таптырмас құралы.

Абай Құнанбайұлына арналған әдеби кеш өтті

Семейде ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай әдеби кеш өтті. Шараға жас ақындар мен өнерпаздар қатысты. Сонымен қатар елімізге танымал дәстүрлі әншілердің концерті ұйымдастырылды. 

Ұлы ақынның өнегесі ұлықталды

Түркістанда Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» апталығы өтті. Алғашқы күні кітапхана ұжымы ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығы жайында кеш ұйымдастырды.

Абай шығармалары өзбек тілінде жарық көрді

Өзбек қаламгерлері қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармаларын қамтитын 10 томдық жинақ басып шығарды. Бұл қатарда қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың еңбектері де бар. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz