«Almaty Puppet Festival» қуыршақ театрлары фестивалінің бас жүлдесін Испаниядан келген Minusmal театры жеңіп алды. Көрермендер мен қазылар алқасы бірауыздан «Нил» спектаклін жоғары бағалап, гран-приге лайық деп таныды.
Өнер мұражайына келушілер көп
Алматыдағы жаңадан ашылған өнер музейін бір айдың ішінде 85 мың адам тамашалаған. Онда әлемге танымал суретшілердің туындылары қойылған. Бұрын дәл осы картиналарды көру үшін өнерге құштар жандар шетел асатын. Қазір заманауи музей жұртшылықтың сұранысына қарай әртүрлі тақырыпта көрме ұйымдастырады. Испан суретшісі Жауме Пленсаның 12 метрлік мүсіні өнер музейі ашылмай тұрып-ақ, жұртшылықтың назарын аударды. Оның көлемі, ерекше пішіні алыстан менмұндалайды.
Қаламгер мұрасы Ұлттық архивке табысталды
Республика күнінің қарсаңында көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның бірқатар туындысы Ұлттық архивке табысталды. Олардың арасында әйгілі «Қызыл жебе» романының түпнұсқа қолжазбасы, кеңестік билікке қарсы шыққан қазақ зиялыларының күресін суреттейтін «Бесеудің хаты» драмасы, сондай-ақ Тұрар Рысқұлов туралы зерттеу жазбалары бар.
Тегтер #бұл өнер #республика күні #Шерхан Мұртаза #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz