Шымкент Қазақстан халқының саны жағынан да, аумағы бойынша да алдыңғы үштікте тұрған өңір.
Қаланың барлық аумағын көргіңіз келсе Шымкенттің солтүстігінде орналасқан 220 метр биіктіктегі Бәйдібек би ескерткіші жанына баруды ұсынамыз.
Жалпы Шымкент XII ғасырда Ұлы Жібек жолының керуен жолдарының түйіскен тұсында қалыптасқан. Осы орайда қалада сол заманнан сыр шертер керуен көшіне арналған ескерткіштің болуы заңды да шығар. Сәулет пен тарихи ескерткіштерден басқа мұнда отбасылық демалысқа арналған түрлі демалыс орындары бар. Солардың бірі қаланың 50 гектардай аумағын алып жатқан хайуанаттар бағы. Онда құстар мен жануарлардың сирек кездесетін «Қызыл кітапқа» енген түрлерін де кездестіруге болады.
«Дархан дала» бағдарламасының түсірілім тобы сіздерді Шымкент қаласымен таныстыруын жалғастырады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz