1500 жылға жуық тарихы бар бұл қала бір кездері Қазақ хандығының астанасы болған. Ежелгі заманғы және орта ғасырлардағы атауы Иасы болды.
Қаланың қазіргі атауы Түркістан. 9400 шаршы шақырымды алып жатқан мұнда бүгінде150 мыңнан аса халық тұрады. Аумағы шағын қаладағы жергілікті халықтың басым көпшілігінің кәсібі саяхатшыларға көрсетілетін қызметтер түріне бағытталған.
Мұндағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қаланың басты сәулет ескерткіші болып табылады. Бұл кесенеде асхана, кітапхана секілді 30-дан астам зал бар.
Бағдарламаның түсірілім тобы бұл сапарында Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы Арыстан баб кесенесіне де барды. Ол Шымкенттен 150 шақырым жердегі көне қала Отырардың маңында орналасқан.
Тарихи тағылымы мол саяхат жайлы бүгінгі шығарылымда толығырақ таныса аласыздар.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz