RU
Толық нұсқаға өту

Дархан дала. Шымкент: уақыттан озған өнер

03.03.2016, 16:28 3661

Ірі зауыттар мен фабрикалар, мұражайлар мен шеберханалар. Қазақстанда жасалған кез келген дүние назардан тыс қалмайды. «Дархан дала» бағдарламасының түсірілім тобы сіздерді Шымкент өңірімен таныстыруын жалғастырады.

Шымкент тарихы тереңде жатқан ежелгі қалалардың бірі. Мұнда көне заманнан осы күнге дейін қолөнер кәсібін жеткізген шеберлер көп. «Қылует» этномұражайының негізін қалаған өнертанушы, этнодизайнер Кендебай Қарабдалов сөзімізге дәлел болса керек. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде ашылған бұл мұражайды 7 ай бойы жалғыз өзі салып шыққан екен. Ол кісі 19 аспапта еркін ойнайды. Олардың бірқатарын өз қолымен жасаған. Қыштан бұйымдар жасаумен айналысатын Кендебай Қарабдалов мұнда шеберлік сабақтарын да өткізеді.

Жалпы өңірде түрлі бағыттағы мұражайлар өте көп. Солардың бірі 2015 жылдың ақпанында ашылған Облыстық бейнелеу өнері мұражайы. Мұнда сирек картиналар қоры бар. 700-ге жуық өнер туындылары қойылған ол 3 көрме залынан тұрады. Кейбір картиналарды қалпына келтіретін шеберханасы да жанында.

Бүгінгі шығарылымда сіздер қазақ гобелен мектебінің негізін салушылардың бірі суретші Құттыбек Жақыповтың да туындыларымен таныс боласыздар. Ол кескіндеме мен гобеленді бір арнаға тоғыстырып жаңа бағыт қалыптастырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz