Сіз қауіпсіз әрі сапалы шынылар жайлы білесіз бе? Олар бізде, Қазақстанда жасалады.
Кәдімгі шынымен салыстырғанда 5-7 есеге мықты олар Алматыда орналасқан «ҚазҚұрылысШыны» зауытында шығарылады. Бір қызығы бұл шынының сынғанда теріге зақым келтіретін өткір қырлары болмайды екен. Бұл кәсіпорында шыныға сандық баспамен өрнек салу технологиясы да жетілдірілген. Шыныдағы сурет 50 жылға дейін бояуын жоғалтпайды. Қауіпсіз әрі ыңғайлы электрмен жылытылатын шынылар да осында.
Сондай-ақ біз бүгінгі шығарылымда сіздерді отандық «Қазжеңілөнеркәсіп – Алматы» тігін-аяқкиім фабрикасымен де таныстырамыз. Кәсіпорында қажетті мамандарды даярлайтын оқыту курстары жұмыс істейді. Фабрика жұмыспен қамту орталығымен тығыз байланыста. Ынтасы бар кез келген жанды оқытып, жұмысқа тұруына мүмкіндік береді. Фабрика басшылығы жақында еліміздің ірі сауда орталықтарында дүкендерін ашуды жоспарлап отыр. Осы және өзге де отандық өндіріс ошақтары жайлы бүгінгі шығарылымда толығырақ тарқатамыз.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz