Бұл қаланың бай тарихын аты аңызға айналған көшелер мен ескі ғимараттар, көз тоймас көрікті жерлерден-ақ байқауға болады. Бағдарламаның түсірілім тобы сіздерді Алматы қаласымен таныстыруын жалғастырмақ. Бүгінгі шығарылымды қаланың мәдени өміріне арнаймыз.
Алғашқы нысан «Остров Крым» ғылыми-қалпына келтіру зертханасы. Онда қазақ жерінде табылған сақтардан сарматтарға дейінгі, ғұндардан ежелгі түркілерге дейінгі тарихи дәуірлерге жататын жәдігерлер сақталған. Оның іргесін қазіргі басшысы Қырым Алтынбеков қалады. Жақында ол ШҚО қорғандарынан табылып, мұқият зерттелген және қалпына келтірілген 968 археологиялық жәдігерді Ұлттық мұражай қорына өткізді. Бұл жұмыс 17 жылға созылған.
Бұдан бөлек сіздер бүгінгі шығарылымда Шумейколар отбасы жетекшілік ететін «Chudes» акробатика театрымен де таныс боласыздар. Іргесі осыдан 5 жыл бұрын қаланған театр осы уақыт аралығында бүкіл Еуропаны, Ресейді аралап үлгерді.
Бағдарламаның түсірілім тобы Алматының орталығындағы қала өмірі жайлы естеліктерге де тоқталып өтуді жөн көрді. Онда Батырхан Шүкеновке арналған стрит-арт өнерінің үздік туындыларын да кездестіруге болады. Ол жерге қала тұрғындары мен қонақтары әнші өнеріне бас иіп, гүл шоқтарын әкеледі.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz