«Дархан Дала» жобасының жаңа шығарылымында Ұлытау күтпеген қырынан ашылады. Әдеттегі тасжолдардың орнына карталарға бағынбай, даланы қақ жарып өтетін фантом-жолдар. Әйнек астындағы музейдің орнына ашық табиғаттағы зыңғыр тастар. Жай ғана тыңдаған дәрістің орнына өз көзіңізбен Домбауыл, ру-тайпаларды біріктірген жұмбақ Алаша хан кесенелерін көре аласыздар. Бұл бағдарда ашық аспан астындағы жаттығу даланы жеке спорт залыңызға, ал жол жиегіндегі асханада ұсынылған ыстық бауырсақ қонақжайлылықтың айқын белгісіне айналады. Біз тағы да редакциялық кроссоверді Хан Ордасына апаратын жолда сынап көреміз, ал сапарымызды бүкіл қаланы біріктіретін «таза» тимбилдинг дәстүрі сақталған Жезқазғанда аяқтаймыз.
Тегтер #Дархан дала #Ұлытау #саяхат #Қазақстан #Жезқазған #Қазақстан туризмі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz