RU
Толық нұсқаға өту

Экономика. Фармацевтика саласы

17.01.2018, 15:16 3466

Фармацевтикалық сала әлемдегі экономиканың ең жоңғары пайдалы сегменттердің бірі саналады. Фармөнім қашанда сұранысқа ие. Ал одан түсітен пайда тағам өнеркәсібіне қарағанда әлдеқайда мол.

Қазақстанда фармацевтикалық өнеркәсіп соңғы кездері өте қарқынды дамып келеді. 2010 жылмен салыстырғанда, өндіріс көлемі екі есеге артты. Өткен жылы да бұл ахуал бірқатар алға басты.

ДИНА ЖӘНІБЕКОВА, «КИРИ» АҚ САЛАЛЫҚ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ 

- 2017 жылдың 11 айында өндіріс көлемі 66 млрд теңгені құрады. Өндіріс көлемі негізінен антибиотиктерге, алкалоидтареға, жүрек аурулары құралдарына және медициналық мақсаттағы бұйымдарға әсер етті.

Жыл қорытындысы бойынша, негізгі фармацевтикалық өнім өндіру, 2016 жылмен салыстырғанда дерлік 42%-ға артып, 73 млрд теңгеден асқан.

Қазақстанның фармацевтикалық нарығында негізгі ойыншылар Химфарм, Нобель, Әбди Ибрахим Глобал Фарм және Dolce болып қалып отыр. Сауда көлемінің негізгі бөлігі дәл осы компаниялардың үлесінде.

ДИНА ЖӘНІБЕКОВА, «КИРИ» АҚ САЛАЛЫҚ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ 

- Бүгінгі таңда Қазақстандағы дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың ішкі тұтыну көлемі 900 млн АҚШ долларын құрайды. Олардың 14 пайызы отандық өнім болса, 86 пайызын импорттық препарат.

Қазақстан негізінен фармөнімді Германия, Франция және Ресейден импорттайды. Бұл сегменттегі экспорт нарығын біз көбіне көп, ЕАЭО елдері, оның ішінде Ресей мен Қырғызстанға жөнелтеміз. Оның сыртында Қазақстан Тәжікстанға, Өзбекстанға, Монғолияға, Германияға және басқа да елдерге препарат жөнелтеді. Экспорт үлесі көп болмаса да, оның болашағы бар.

НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ, ҚР ДСМ ФАРМАЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

- Бүгінгі таңда біздегі дәрі-дәрмек өндіретін 51 өндірушінің 28 пайыздан астамында gmp стандарты яғни, өндіріс талабына сай тәжірибесі бар. Бұл біздің препараттардың Қазақстанда ғана емес, шетелде де сұранысқа ие болатынына дәлел.

Айта кетейік, осыдан 4 жыл бұрын ғана, GMP стандартына ие кәсіпорындар саусақпен санарлық еді. Қазір бұл көрсеткіш шамамен елдегі өндірістің үштен бір бөлігін құрайды.

Қазақстандық фармөнімдер экспорты негізінен, дәрі-дәрмек, ветеринарлық екпелер және қан фракциясына бағытталған. 2016 жылмен салыстырғанда, былтыр отандық фармкомпаниялар шетелге 62% артық өнім жөнелткен. Бұған бір жағынан шетелдік инвестицияның көмегі де тиіп отыр. 2017 жылы бұл салаға 11,5 млрд теңге құйылған.  

НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ, ҚР ДСМ ФАРМАЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

- Қазіргі таңда бізде иорданияның Кимки фирмасына басымдық беріліп отыр. Бүгінде Американың Файзер, Санофи фирмаларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Олар келісім-шарт өндірісі негізінде Қазақстанда өздерінің өндіріс ошақтарын орналастырмақшы. Қазір меморандумдарға қол қойылып, жұмыс топтары құрылып жатыр.

Қазақстанда фармацевтикалық өндірісті дамытуға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде. Айталық, бірыңғай дистрибьютерден ұзақ мерзім бойы дәрі-дәрмек сатып алу жөнінде келісім-шарттар жасалуда. Сонымен қатар, тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясындағы мемлекеттік сатып алу кезінде, отандық өндірушілерге басымдық беріледі.

Оның өзінде, қазақстандық өнімнің өзі сырттан яғни, көбіне көп Үндістан мен Қытайдан әкелінетін шикзатқа негізделген. Кейбір фито-препараттар ғана отандық өсімдік компонеттерінен жасалады.

ДИНА ЖӘНІБЕКОВА, «КИРИ» АҚ САЛАЛЫҚ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ 

- Қазақстан дженерикалық дәрі-дәрмек препараттарын өндіретін ел. Бүгінгі таңда, отандық өндірушілер қоржынында, рентабельділігі төмен және ескірген дженерикалық препараттар жүр. Қазір қарапайым дженериктерден анағұрлым күрделісін өндіруге мүмкіндік бар. Ол үшін ең алдымен Қазақстандағы ғылыми-зерттеу базасына аса мән беру қажет.

Қазақстан аумағында сертификатталған және сатуға рұқсат етілген дәрі-дәрмек құралдары мен бұйымдарының, 15 аталымының 10 пайызын ғана отандық кәсіпорындар өндіреді. Сонымен қатар, ел қауіпсіздігі - мемлекеттің өз азаматтарын отандық фармөнім өндірісімен қамтамасыз ету мүмкіндігіне де байланысты. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, бүгінгі таңда отандық кәсіпорындар барлық қазақстандықтар сұранысының небәрі 14 пайызын қамтиды. Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіш мемлекеттік қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, өте аз. Дамыған елдерде ем-домды отандық өндіріспен қамту үлесі кем дегенде 40 пайызға дейін барады. Бұл ретте ең төменгі шек 30 пайызды құрайды. Осы көрсеткіштен төменгінің барлығы ел тәуелсіздігіне қауіп төндіреді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz