Астана және Вашингтон арасындағы сауда және коммерциялық байланыстың тереңдей түсуі. Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған ресми сапарының экономикалық қорытындысын қысқаша осылай түйіндесе болады.
СНХ: Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті
Менің ресми сапарымның нәтижесінде, Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынас екі ел үшін де тиімді стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілетініне сенімдімін.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы берік қарым-қатынастың орнағанына ширек ғасырдан асты. Еліміздің тәуелсіздігін алғашқы болып мойындаған мемлекеттердің бірі де – Америка құрама штаттары. Алғашқы күннен-ақ егеменді екі мемлекеттің бизнесі арасында сенімді серіктестік қалыптасты. Бүгінде Солтүстік Американың өнеркәсіп алыптары – Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвесторлардың бірі.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
«Америка – Қазақстан экономикасына тартылған тікелей инвестициялардың көлемі бойынша екінші орында. Тәуелсіздік алған жылдардан бері, сіздердің компанияларыңыздың тарапынан Қазақстанға 50млрд доллардан астам инвестиция құйылды. Екі елдің тауар айналымы өткен жылдың қорытындысы бойынша 2 млрд долларға жуықтады. Елімізде америкалық капиталдың қатысуымен энергетика, көлік, инновация, медицина және өзге де салаларда 500-ден аса компаниялар өз қызметтерін сәтті жүргізіп келеді. Ірі серіктестеріміздің қатарында – «Chevron», «ExxonMobil», «General Electric», «Хэллибёртон» және басқа да компаниялар бар.»
Нұрсұлтан Назарбаев алыс құрлыққа екі жақты қарым-қатынасты саяси, әрі экономикалық тұрғыда нығайтуға жөніндегі нақты ұсыныстарымен барды.
СНХ: Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті
Біз технологиялық жаңғыртуды жүргізіп келеміз және АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен өтіп отырған бүгінгі басқосуда жалпы құны 7,5млрд доллар болатын 20-дан астам келісім шарттарға қол қойылады. Мұның өзі біздің бизнестеріміз арасындағы өзара қызығушылықты байқатады.
Бір күннің ішінде авиация, мұнай-химия және ауыл шарушалығын қамтитын миллиардтаған доллардың келісімдеріне қол қойылып, инфрақұрылымдық даму саласына қатысты бірқатар ірі жобалар бекіді.
Солардың бірі Дженирал Электрик компаниясына қатысты.
General Electric - локомотивтер, электр станциялары (соның ішінде, ядролық реакторлар да), газ турбиналары, авиациялық қозғалтқыштар, медициналық техника, фототехника, тұрмыстық және жарықтандыру жабдықтары, пластмасса мен герметика, атыс қаруы мен брондалған техникадан бастап, әскери-ғарыштық жүйелер мен ядролық оққа дейінгі әскери мақсаттағы бұйымдардың кең түрін өндіретін америкалық әртараптандырылған корпорация.
Атап айтқанда, Дженирал Электрик компаниясы мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушысы арасында жаңа екі стратегиялық бастамаға қол қойылды. Біріншіден, америкалық корпорация «ҚТЖ»-ға арнап 300 тіркелетін локомотив әзірлеп шығарады, оларды жеткізу 2019 жылы басталмақ. Екіншіден, «Дженерал Электрик Транспортейшн» «ҚТЖ» иелігіндегі «Дженерал Электрик Эво» атты 175 жолаушы локомотивтеріне қызмет көрсету және қолдау жөніндегі 18 жылдық мәмілеге қол қойды.
Келесі ірі келісімдердің бірі Boeing маркалы ұшақтарды сатып алуға қатысты.
The Boeing Company– америкалық корпорация. Әлемдегі ең ірі авиациялық, ғарыштық және әскери техника өндірушілерінің бірі. Штаб-пәтері Чикагода орналасқан. Ондаған жылдар бойы Boeing АҚШ-тағы ең ірі әуе ғарыштық фирмасы болып саналады. Және елдің ең ірі экспорттаушысы мен жұмыс берушілерінің қатарында.
Қазақстандық әуекомпаниялармен бекітілген келісімшарттар сомасы 1,3 млрд доллардан асады. Атап айтқанда, SCAT Airlines әуекомпаниясы Boeing-737 MAX 8 моделіндегі алты ұшаққа тапсырыс берді, ал «Эйр Астана» Ұлттық әуекомпаниясы үш «787 Дримлайнер» ұшақтарын сатып алуды жоспарлап отыр. Олар 2021 жылы жеткізіледі.
Америка Құрама Штаттарының іскер топтарымен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып берді. Соның ішінде бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер мен өндіріске енгізіліп жатқан инновацияларға кеңінен тоқталды. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Астана халықаралық қаржы орталығының ерекше мәртебесіне тоқталды.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
«Астана халықаралық қаржы орталығы қатысушыларына 50 жылға дейінгі салық жеңілдіктері, жеңілдетілген валюта, виза және еңбек режимдері берілген. Бұл – жұмысы ағылшын құқығына негізделген аймақтағы жалғыз орталық. Астана халықаралық қаржы орталығының жоғары технологиялық қор биржасын құру үшін Шанхай қор биржасын және АҚШ-тың NASDAQ биржасын тарттық. Астана халықаралық қаржы орталығының «жасыл экономика», исламдық және инновациялық қаржы құралдарын дамытудың аймақтық орталығы болуға мүмкіндігі зор. Жазда біз Астана халықаралық қаржы орталығын әлемдік қауымдастыққа ресми таныстыруды жоспарлап отырмыз».
Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 2 млрд. АҚШ долларына жеткен. Әрине бұл көрсеткішті еселеп арттыруға мүмкіндік бар. Астана да, Вашингтон да бұған мүдделі. Қол жеткізген уағдаластықтар – соның дәлелі. Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары екі ел бизнесінің әріптестігін тереңдете түсуге берік негіз орнатты. Әлемдегі ірі державалардың бірі АҚШ-тың қалталы азаматтары өз істерін Қазақстанда да дөңгелетуге дайын екендіктерін аңғартты.
«Америка – Қазақстан экономикасына тартылған тікелей инвестициялардың көлемі бойынша екінші орында. Тәуелсіздік алған жылдардан бері, сіздердің компанияларыңыздың тарапынан Қазақстанға 50млрд доллардан астам инвестиция құйылды. Екі елдің сауда айналымы өткен жылдың қорытындысы бойынша 2 млрд долларға жуықтады. Елімізде америкалық капиаталдың қатысуымен энергетика, көлік, инновация, медицина және өзге де салаларда 500-ден аса компаниялар өз қызметтерін сәтті жүргізіп келеді. Ірі серіктестеріміздің қатарында – «Chevron», «ExxonMobil», «General Electric», «Хэллибёртон» және басқа да компаниялар бар.» НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
General Electric - локомотивтер, электр станциялары (соның ішінде, ядролық реакторлар да), газ турбиналары, авиациялық қозғалтқыштар, медициналық техника, фототехника, тұрмыстық және жарықтандыру жабдықтары, пластмасса мен герметика, атыс қаруы мен брондалған техникадан бастап, әскери-ғарыштық жүйелер мен ядролық оққа дейінгі әскери мақсаттағы бұйымдардың кең түрін өндіретін америкалық әртараптандырылған корпорация.
The Boeing Company– америкалық корпорация. Әлемдегі ең ірі авиациялық, ғарыштық және әскери техника өндірушілерінің бірі. Штаб-пәтері Чикагода орналасқан. Ондаған жылдар бойы Boeing АҚШ-тағы ең ірі әуе ғарыштық фирмасы болып саналады. Және елдің ең ірі экспорттаушысы мен жұмыс берушілерінің қатарында.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
«Астана халықаралық қаржы орталығы қатысушыларына 50 жылға дейінгі салық жеңілдіктері, жеңілдетілген валюта, виза және еңбек режимдері берілген. Бұл – жұмысы ағылшын құқығына негізделген аймақтағы жалғыз орталық. Астана халықаралық қаржы орталығының жоғары технологиялық қор биржасын құру үшін Шанхай қор биржасын және АҚШ-тың NASDAQ биржасын тарттық. Астана халықаралық қаржы орталығының «жасыл экономика», исламдық және инновациялық қаржы құралдарын дамытудың аймақтық орталығы болуға мүмкіндігі зор. Жазда біз Астана халықаралық қаржы орталығын әлемдік қауымдастыққа ресми таныстыруды жоспарлап отырмыз».
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz